• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Ақпан, 2022

ШҚО-да 11 жасар баланы көлік тағып кетті

227 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында көлік қаққан 11 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 19 ақпанда сағат 13:14-те мектептен автобуспен қайтып бара жатқан оқушы аялдамадан түскен.

Кенет жол жиегінде тұрған баланы қарсы бағытта келе жатқан Audi маркалы автокөлік қағып кетткен.

«Жүргізуші бірден жедел жәрдем дәрігерлерін шақырған. Алайда 11 жасар бала оқиға орнында мерт болды. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», делінген ақпаратта.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.