• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 21 Ақпан, 2022

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

234 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22, 23 және 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы ауқымды антициклон ықпалында болады. Антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Алайда елдің солтүстік жартысына фронталь бөліктер әсер етеді - қар жауады, боран соғады, жел 15-23 м/с дейін күшейеді, республика бойынша тұман және көктайғақ күтіледі. Еліміздің солтүстігі мен орталығында түнде 5-20 градус аяз, шығысында 10-29 градус аяз, оңтүстігінде 5 градус аяздан 5 градусқа дейін жылы, батысында 0-10 градус аяз болады», делінген хабарламада.