• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 21 Ақпан, 2022

Бұл сауал мені әбден титықтатып бітті – Шавқат Рахмонов

3451 рет
көрсетілді

UFC-де жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавқат Рахмонов өзін швециялық Хамзат Чимаевпен салыстыратындар жүйкесіне тигенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме  жасап.

«Хамзат Чимаевпен салыстыра беретіндер жүйкеге тиеді. Мен Хамзат емес, Шавқатпын. Екеуміз қай кезде октагонда кездесуіміз мүмкін? Осы сауалды маған қайта-қайта жолдайтындардың санында есеп жоқ. Барлығын уақыт көрсетеді ғой. Дәл қазір осы сауал мені әбден титықтатып бітті», деді отандасымыз өз ойымен бөлісіп.