• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2014

Жетпіс отбасы пәтерлі болды

273 рет
көрсетілді

Наурыздың шуақты күні бір­қатар өскемендіктер үшін қос қуа­­нышқа ұласты. «Жұмыспен қам­тудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының үшін­ші бағыты аясында облыс ор­та­лығының 19-мөлтек ауданында шағын отбасыларға арналған 70 пәтер­лі жатақхана пайдалануға берілді. Бес қабатты үйдің 23 пәтері бір бөлмелі болса, қалғаны екі бөл­мелі пәтерлер. Бұл күні бас­панаға қол жеткізген жетпіс отба­сы­ның ішінде 29 жасқа дейінгі 37 жас отбасының қуанышы бөлек. Олардың барлығы – құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, салық комитеті, мәдениет сынды бюджеттік сала қызметкерлері. Қоныс тойына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та ортақтасып, пәтер кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы кезекте халықтың тұрмысы мен әл-ауқатын көтеруге көңіл бөліп отырғанын жеткізген аймақ басшысы ел экономикасының өрге басуы тұрғын үй құрылысының жандануынан көрінетінін атап өтті. 2013 жылы Өскеменде 98 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бюджет қаражаты арқылы 9 көпқабатты және 36 жеке тұрғын үй салынды. Биыл өңірде тұңғыш рет «Жас отбасы» бағдарламасының қатысушылары мен жетім балалар Ә.Молдағұлова, К.Маркс көшелерінде бой көтерген жаңа үйлерден пәтер алды. Ұлыстың ұлы күні баспаналы болған Ана мен бала орталығының анастезиолог дәрігері Думан Жақ­сы­лықов жұбайымен бір мекемеде дәрігер болып қызмет етеді екен. – Бүгін жаңа пәтер кілтіне ие болып отырмыз. Біз сияқты жас ма­мандарға жағдай жасап отырған Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баевқа және облыстық, қала­лық ә­кімдікке шексіз риза­шы­лы­ғы­мызды білдіреміз, – деді қуа­нышымен бөліскен Думан Сәр­сенұлы. Ал «Арман» бала­бақша­сында тәрбиеші болып еңбек ететін Айжан Құсайынова жас отбасы ретінде кезекте тұрғанына екі жылдан аса уақыт болғанын жеткізді. – Жолдасым жүргізуші болып жұмыс істейді. Екі баламыз бар. Наурыз мейрамында пәтерлі болып жатқанымызға ерекше қуанып тұрмыз. Барша халықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын! – деді пәтерлі болған жас ана. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». ӨСКЕМЕН.