Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды жаппай вакцинациялау және ревакцинациялау эпидемиологиялық жағдай бойынша елорданың «жасыл аймаққа» көшуіне ықпал еткенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Қазір қала бойынша бірінші компонентпен 508 мыңнан астам адам вакцинацияланды, иммундаудың толық курсынан 67,1%-ы өтті, бұл – 478 мыңға жуық қала тұрғыны. Елордада 86 мыңға жуық азамат қайта вакцинацияланды», деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
Басқарма басшысы Денсаулық сақтау министрлігінің Pfizer-ді тегін алатындардың тізімін қайта қарауы қала тұрғындарының екпе алуға деген ынтасын едәуір арттырғанын да атап өтті.