• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Пікір 22 Ақпан, 2022

Газет-журналды жаздырып алу да мәдениет пен өркениеттілік белгісі

503 рет
көрсетілді

«Ұлт ұстазы» атанған Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – жұртқа қызмет ететін нәрсе. Олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтады. ...Газет – халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетіспекші», деп жазғаны мәлім.

Кейін заман дамуы мен тех­­но­логияның өркендеуі нәтиже­сінде ақпарат саласына радио мен телевидение қосылды. Ал бүгін әлемдік ақпарат көздерін интернет­сіз, әлеуметтік желісіз елестету мүмкін емес. Өйткені заман тыны­сын шұғыл сездіретін де, жер жүзінен, айшылық алыс жерлерден хабар алдыратын да – бұқаралық коммуникация құралдары. Олар­дан қол үзген адам жасына қарамай ой-өрісін шектейді, күй­бең тіршіліктен аса алмай қала­ды. Қоғамның әрбір мүшесі, ата-ана, ұстаз, шәкірт, мем­ле­кеттік қыз­мет­кер, бизнесмен, қара­пайым ең­бек адамы, т.б. мәдениеті келіссе, ел­де қалыптасқан дәстүрлі ақпа­рат жүйесін тұтынатынына және қол­дайтынына сенімдіміз.

Жан-жақты сауаттылыққа, жалпы деңгейге себі тиетін іс,  газет-журналды жаздырып алу да – мәдениет пен өркениеттілік белгісі. «Қазақ «тайға таңба басқандай» деп бекер айтпайды. Көзбен көрген, ұстап сезінген нәрсе санада ұзақ сақталады. Мұны (жазба материалдарының күшін) заманауи психологтер де айтып-жазып жүр. Масс-ме­диаға қатысты сұраққа ел Пре­зи­­денті Қасым-Жомарт Тоқаев ашық, нақты жауап берді: «Мер­­зімді баспасөзді үзбей қарай­­­мын. Бұл – менің бұрыннан қа­лып­­тас­қан дағдым. Egemen Qazaq­stan, «Айқын», Astana аqshamy газет­терін оқимын. «Ана тілі», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ», «Түркістан» газет­терін де мін­детті түрде оқып тұ­ра­мын. Жал­пы, мен көп оқитын адам­мын. Жақ­сы мақала немесе сұх­бат көр­сем, астын сызып оқу­ға ты­­ры­­­са­мын. Өзекті мәсе­ле бай­­­қ­а­сам, оған қатысты нақ­ты тап­­­сыр­­­ма беремін. Әлеу­меттік желі­­дегі өткір жазба­ларды да үнемі шолып отыра­мын. Ал теледидардан жаңа­лықтар мен сараптамалық бағ­­дар­ла­ма­лар­ды көремін». Иә, туған елі­нің бас­­пасөзінен жері­м­ей, өзге елдің ақпарат құрал­да­рын да қа­рап, оқып-біліп, таны­мын толық­тырып, бі­лі­мін кеңей­тіп жүрген барша сала­дағы аза­мат­тар­дың, іс­кер, танымал тұл­ғалар­дың, тіп­ті қарапайым ата-аналар­дың ұста­нымы, пікірі дәлелді, сын­дар­лы, жүйелі болатынын сәт са­йын байқаймыз. Осы оңай да оңтай­лы жетістікке жету – әр­кім­нің өз қолында. Адамзатқа ор­тақ, елге қажетті бұл сапа, Абай айтатын «көрсем, білсем» дей­тін таза шақтан басталған адами ын­та біздің қоғам үшін әрқашан ма­ңыз­ды әрі пайдалы екенін ұмытпалық.

 

Дархан МЫҢБАЙ,

Мәжіліс депутаты