• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Ақпан, 2022

Түркиядағы турнирге аттанды

298 рет
көрсетілді

24 ақпанда Түркияның Ыстанбұл қаласында Олимпиада және әлем чемпионы, Еуропа біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы Яшар Доғуды еске түсіруге арналған халықаралық турнир басталады.

Рейтингтік жарыста Қазақстанның туы астында 28 грек-рим күресі шебері өнер көрсетеді. Бозкілемге шығатындар арасында Айдос Сұлтанғали (60 кило), Мейіржан Шермаханбет (67 кило) және Демеу Жадыраев (77 кило) сынды балуандар бар. Олардың үшеуі де әр жылдары дүниежүзілік додаларда жүлде алған. Атап айтсақ, Демеу осыдан бес жыл бұрын Францияның астанасы – Парижде күміспен күптелсе, Айдос пен Мейіржан 2018 жылы Мажарстанның бас шаһары – Будапештте қолаға қол созды. Азия чемпионатында атой салған Сұлтан Әсетұлы (67 кило), Мақсат Ережепов пен Темірлан Шадукаев (77 кило), Азамат Күстібаев пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кило) және Әлімхан Сыздықовқа да (130 кило) үлкен сенім артылып отыр. Осы сақа спортшыларымыздан бөлек, бұл бәсекеде бір шоғыр дарынды жас та бозкілемге шығып, өз өнерлерін ортаға салады.