• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Ақпан, 2022

Үшінші мегаполис: Әйтенов тұрғындардың тілегіне құлақ асты

372 рет
көрсетілді

Шымкен қаласының әкімі Әл-Фараби ауданына қарасты Забадам және Химфарм шағын аудандарының тұрғындарымен кездесті. Онда тұрғындар түйткілді мәселелерді көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі шағын аудан электр жарығы, ауыз сумен және табиғи газбен толық қамтылған болса, көшелерінің 95 пайызы асфальтталған. Бүгінде кәріз жүйесіне қатысты шаруаны ретке келтіру, көшелерді жарықтандыру және жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу өзекті мәселеге айналып отыр.

Мұрат Әйтенов әрбір мәселеге егжей-тегжей тоқталып, шағын ауданды орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары 2025 жылы шешілетінін, ал, жарықтандыру бойынша әр жылда 3 көшеге бағаналар орнату жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Әрқашан диалогқа ашықп екенін айтқан қала басшысы көтерілген мәселелердің орындалуы бойынша  елді мекен белсенділерімен жүйелі жүмыс жүргізілетінін тіліне тиек етті.

Өтініштер бойынша аудан әкімі мен сала мамандарына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуын баяндап отыруды тапсырды.