ШҚО полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков жеке құрамға Семей қаласы полиция басқармасының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ернар Мейрамбекұлы құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
2000 жылдан 2012 жылға дейін Семей қаласының ІІБ әртүрлі лауазымдарды атқарды, соның ішінде тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы болды.
2012 жылғы қарашадан 2018 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде жұмыс істеді.
2018 жылғы ақпан-қыркүйек аралығында ШҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, 2018 жылғы 31 қазаннан бастап осы басқарманың бастығы қызметтерін атқарды.