• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ауа райы 22 Ақпан, 2022

Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

215 рет
көрсетілді

Қазақстанның үш облысында 23 ақпанда боран, тұман және басқа да қолайсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүсігінде тұман күтілуде.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстік-батыста желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда 23 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 23 ақпанда тұман күтілуде. Оралда 23 ақпанда түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысы мен орталығында 23 ақпанда тұман күтілуде. Ақтөбеде 23 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі.