Түркияның Ыстамбұл қаласында полиция экстремистермен қақтығысты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
«Ирак және Левант ислам мемлекеті» деп аталатын экстремистік топты құрықтауда жергілікті полицияның үш қызметкері жарақат алды. Түркия телеарналарының ақпары бойынша, операция Умрание ауданында жүргізілген. Терроризмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері мұнда бірнеше күдіктінің мекен-жайын тексерген. Алайда, содырлар құқық қорғаушыларға қарсылық көрсетіп, нәтижесінде екі полицей жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуы бойынша, қазір олардың өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ, ауруханаға қақтығыстан жарақат алған екі күдікті жеткізілді.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com.
Фото: Itar-tass.com.