• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Ақпан, 2022

Ерлан Тұрғымбаев отставкаға кете ме? ІІМ жауап берді

5033 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы қалыпты жұмыс істеп жатыр», делінген хабарламада.

Бұған дейін желіде соңғы үш жылдан бері ішкі істер министрі болған Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылады деген ақпарат пайда болған еді.