Олимпиада ойындарына ұлттық командалардың дайындығына 789 млн теңге жұмсалған. Бұл туралы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Олимпиада ойындарына тікелей қатысу тұрғысында 248 млн теңге жұмсалды. Соның 107 млн теңгесі «Эйр Астана» компаниясына чартерлік рейстерді ұсынғаны үшін төленді», деді А. Крюков Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, Олимпиада ойындарына ұлттық командалардың дайындығына 789 млн теңге бағытталды. Осы орайда оқу-жаттығу жиыны дайындығы мен жарыстарына 234 спортшы мен бапкер қатысты. Бір қатысушыға жұмсалған қаражаттың орташа көлемі 15 млн теңге болды.