Электр желісіне заңсыз қосылған майнинг фермасын Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкенттегі департамент қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Bitcoin цифрлық криптовалютасын өндіруге арналған 360 дана ASIC жабдығын тауып, тәркілеген.
«Майнинг фермасы үш жабдықталған контейнерлерде орналасқан. Тергеу жүріп жатыр», делінген хабарламада.