• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Ақпан, 2022

Фермерлер Варшаваның орталығын жауып тастады

199 рет
көрсетілді

Жанар-жағармай мен тыңайтқыш бағасының қымбаттығына наразылық білдірген шаруалар Варшаваның орталық көшесін жауып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәрсенбі күні бірнеше мың фермер ел астанасына трактормен кірмек болды, бірақ полиция оларға рұқсат бермеді.

Одан кейін шаруалар қоғамдық көлікпен қала орталығына жетіп, қаланың орталық тас жолдарының бірі – Иерусалим аллеясын, сондай-ақ оған жақын орналасқан бірқатар көшені жауып тастады. Шерушілердің әрекетіне полицейлер әлі араласқан жоқ.

«Агроуния» фермерлер ұйымының жетекшісі Михал Колодзейчиктің түсіндіруінше, шаруалар тыңайтқыштар, электр энергиясы, жанар-жағармай бағасының қымбаттығына, сырттан келетін бақылаусыз азық-түлікке наразылық білдіруде.

Қазір диқандар Премьер-Министр Матеуш Моравецкиймен кездесуді талап етіп, түрлі аспаптарды даңғырлатқан күйі үкімет ғимаратына қарай шерулетуде. Олардың плакаттарында «Үнсіз өлмейміз» деп жазылған.