Қазақстан мен Украина арасында қатынайтын ұшақтардың тоқтатылуына байланысты жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Украинадан/Украинаға ұшулардың тоқтатылуына байланысты, авиажолаушыларға кеңес беру үшін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында +77172798213, +77172798215 жедел желі телефондарының жұмысы іске қосылды», делінген ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Колл-орталықтың 5 наурызға дейін күн сайын, сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.