• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 24 Ақпан, 2022

KASE биржасы сауданы тағы да кейінге қалдырды

295 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда тағы да кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz биржаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Техникалық себептер бойынша KASE қор нарығында сауда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.00-ге ауыстырылды. Уақытың өзгеруі KASE сауда-клиринг жүйесі жұмысындағы техникалық іркіліске байланысты. KASE нарық қатысушыларынан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», делінген хабарламада.

KASE-тің басқа нарықтарында сауда-саттық штаттық режимде өткізіледі.