• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2014

Еуропарламент депутаттарымен кездесті

249 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Парламенттің депутаттары Элизабет Йеггл мен Даниель ван дер Ступты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Меймандардың өтініші бойынша Қ.Тоқаев Қазақстан саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі, еліміздегі саяси партиялардың қызметі, ұлтаралық келісімнің негіздері туралы әңгімеледі. Ол мемлекеттің күн тәртібіндегі адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың даусыз басымдығын атап өтті. Еуропалық Одақпен ынты­­­­мақтастық мәселелеріне қатысты Сенат Төрағасы қазіргі кезде Қазақстан Еуропа Одағымен кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісім әзірлеуге және қол қоюға ерекше мән беретінін атап өтті. Әңгіме барысында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­­блея­сы­ аясын­дағы өзара іс-қи­мыл, Гаагада өткен Ядро­лық қа­русыздану жөніндегі үш­ін­ші жаһандық саммит қо­­­­ры­тындылары, Пре­зи­дент Н.На­­­зарбаевтың «Қазақ­стан-2050» Стратегиясын іске асы­­­ру мәселелері де қозғалды.