Бүгін 20:30-да ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украина арасындағы жағдайға қатысты «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция бастағанын жариялады. Қазір екі ел арасында әскери іс-қимылдар жүріп жатыр. Осы мәселеде Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ Қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді», делінген телеарнаның Facebook парақшасында.