• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 25 Ақпан, 2022

50 пайыз төмендету – орынды шешім

240 рет
көрсетілді

Үкіметтің утиль алымы деңгейін 50 пайызға дейін төмендетуі – орынды шешім. Алайда бұл шара отандық көліктердің бағасын реттеуге соншалықты әсер ете алмайды.

Қазақстандағы автокөлік сатудағы отандық өндіруші­лердің үлесі 65 пайызды құрайды. Біз білетіндей, Қазақстанда KIA, Chevrolet, Lada, Hyundai көлік­тері шығарылады. Соңғы дерек бойынша Қазақстандағы 4,5 млн жеңіл көліктің 2 452 906-сы – 10 жылдан артық мінілген көлік.

2019 жылы – 75 мың, былтыр 93 мың жаңа көлік саудаланса, 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында 76 048 көлік айналымға шықты. Үлес көбейіп келе жатыр. Қазақстандағы утиль­алым екі функцияны орындап отыр. Бұл – экологиялық және тариф­тік функция. 2016 жылдан бері 200 мыңнан астам автокөлік қайта өңдеуге тапсырылды. Яғни халық бұл көліктер үшін ақша­лай немесе сертификат түрін­де өтемақы алды.

Қазір утильалым туралы пікір жүйелен­ген жоқ. Еуропа­лық одақтағы утиль жинағының мөлшеріне жиі назар аударылады. Біз Еуразиялық эко­но­микалық одақ шеңберінде жұмыс істейміз. Әрине, бағаны мемлекет белгілемейді, мемлекет тек жағдай жасайды. Яғни отандық өндірушілер көліктің құнына қайта өңдеу ақысын қоспайды. Үкімет жариялаған тағы бір маңызды шара – көлік ала­мын деушілерге бастапқы жарнасыз жеңілдетілген несие беру­ді жетілдіру. Бағдарламаға сұраныс бар және бұл сәтті жүзеге асуда. Біз қазірдің өзінде нәтижелерін көріп отырмыз. Қазір көлік алуға 15 мыңға жуық адам кезекте тұр. Бұл шараның халыққа, қоғамға пайдасы зор деп есептеймін.

 

Қайрат ЕЛАМАНОВ,

Қазақстан автобизнес қауымдастығының мемлекеттік органдармен өзара әріптестік бөлімінің директоры