Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) таяуда ғана Бейжіңде аяқталған Ақ Олимпиадаға даярлануға қанша қаражат жұмсалғанын жария етті.
Аталған ұйымның бас хатшысы Андрей Крюковтің айтуынша, әр спорт түріне мынадай көлемде қаржы бөлінді: биатлон – 384 миллион, тау шаңғысы – 100 миллион, коньки – 400 миллион, шаңғы – 363 миллион, керлинг – 200 миллион, шаңғымен трамплиннен секіру – 198 миллион, сноуборд – 14 миллион, мәнерлеп сырғанау – 143 миллион, фристайл-могул – 562 миллион, фристайл-акробатика – 319 миллион, шайбалы хоккей – 259 миллион және шорт-трек 392 миллион теңге. Ал тікелей Олимпия ойындарына қатысу үшін 284 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсалған екен.
Әрине, бұл аз ақша емес, спортшылардың алаңсыз даярланып, олардың барлық қажеттіліктерін өтеу үшін жеткілікті мөлшерде қаржы бөлінді. Бірақ Қысқы ойындарда бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмадық.