• RUB:
    5.03
  • USD:
    492.22
  • EUR:
    529.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Ақпан, 2022

Қазақстан БҰҰ-ның Ішкі көлік жөніндегі комитеттің кездесуіне қатысты

239 рет
көрсетілді

ҚР Индустрия және инновациялық даму министрлігінің өкілдері БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Ішкі көлік жөніндегі комитетінің министрлік кездесуіне қатысты. Іс-шара комиссияға қарасты Ішкі көлік жөніндегі комитетінің 75 жылдығына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біріккен ұлттар ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының (ЕЭК) Ішкі көлік жөніндегі комитетінің 75 жылдығына арналған министрлік кездесу бейнеконференция режимінде өтті.

Жиынға АҚШ, Ресей, Еуропа Одағы, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері қатысты. Қазақстан делегациясына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б.С.Камалиев жетекшілік етіп, халықаралық көлік дәліздерін қалыптастыру және жүк тасымалдарының тиімділігін арттыру тақырыбында баяндама жасады.

Кеңес барысында ЕЭК Ішкі көлік жөніндегі комитетіне қатысушы елдермен БҰҰ ЕЭК ішкі көлік жөніндегі комитетінің 75 жылдығына арналған кіріспе мәлімдемелері мен ресми жарияланымы ұсынылды. Қ

Қабылдаушы ел - Швейцария Конфедерациясы министрінің Ішкі көлік жөніндегі комитетінің өткен жетістіктері және орнықты дамуды қамтамасыз етудегі болашақ рөлі туралы баяндамасы тыңдалды. Бұдан әрі ішкі көлік байланысына жәрдемдесу жөніндегі топта талқылау болып, вице-министр Б.С. Камалиев баяндама жасады.

Бұдан басқа, вице-министр БҰҰ ЕЭК Ішкі көлік жөніндегі комитетіне мүше елдердің Көлік министрлерін саланы одан әрі дамыту бойынша елімізде қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Атап айтқанда:

- Каспий теңізіндегі Ақтау және Құрық порттарын қоса алғанда, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту және оң нәтижелері;

- Ақтау портында қуаты 100 мың ЖФБ (жиырма футтық балама) асатын «Контейнерлік хаб» құру жөніндегі жоспарлар;

- 2021 жылдың қорытындысында жүктер мен контейнерлер транзитінің артқаны (2021 жылы 1 065,6 мың ЖФБ тасымалданды, өсім 22%);

– бүгінде өңірдегі қуатты көлік-логистикалық хабқа айналған «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы құрғақ портты дамыту туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысында Ішкі көлік жөніндегі комитеттің 75 жылдығын атап өту және «Тұрақты ішкі көлік пен тұрақты даму мүддесіндегі он жылдық жетістіктерге кірісу» деп аталатын қарар қабылданды.

 

Соңғы жаңалықтар