Air Astana авиакомпаниясы Украинадағы қазақстандықтарды Польшадағы Катовице қаласынан Атырауға арнайы рейспен шығарады. Рейстің ұшуы 26 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 02:00-ге жоспраланған, деп хабарлайды Egemen.kz авиакомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушылар ҚР Украинадағы Елшілігі ұсынған тізімдер бойынша рейске тіркелетін болады. Қазақстандықтар трансфер үшін 25 ақпанда Львов қаласындағы Замкнен көшесі 3/1 мекенжайындағы ҚР құрметті консулдығына жиналуы қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне мына телефондар арқылы хабарласуға болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.