• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Ақпан, 2022

Мен Киевте халқыммен біргемін, отбасым да Украинада – Зеленский

335 рет
көрсетілді

Украина Президенті Владимир Зеленский ресейлік диверсиялық топтардың ел астанасы Киевке енгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Киевке жаудың диверсиялық күштері кірді. Бірақ мен елордада халқыммен біргемін, менің отбасым да Украинада. Жау мені №1 нысанаға, ал менің отбасымды №2 нысанаға алды деген ақпарат бар», деді Зеленский жерлестеріне арнаған видео үндеуінде. 

Украина Президенті өз үндеуінде елдегі жағдайға қысқаша тоқталды. Зеленский сондай-ақ Украинаның шығыны туралы хабарлады.

«Бүгін 137 адам қаза тапты. Змейный аралын қорғаған барлық жауынгеріміз қаза тапты», деді ол.