• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Ақпан, 2022

Украинадағы ҚР Елшілігі қазақстандықтарға үндеу жолдады

598 рет
көрсетілді

Украинадағы ҚР Елшілігі Одесса облысының аумағында қалып қойған қазақстандықтарға жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үндеу Елшіліктің Telegram-арнасында жарияланды.

«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Украинаның Одесса облысының аумағындағы Қазақстан азаматтары елден Молдова Республикасы арқылы шыға алады (Старо-Казачья, Паланка, Тудор және Серпневое-1 шекаралық өткелдері арқылы).

Украина мен Молдова шекарасына дейін өздігінен жүрудің оңтайлы бағытын анықтауды ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігі: тел.+373 61 070 550, +373 60 601 676, +373 69 474 722.

Қазақстанның Молдовадағы құрметті консулы Роман Станков, тел +373 788 22 222», делінген үндеуде.