• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 25 Ақпан, 2022

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

319 рет
көрсетілді

Синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман түседі. Атырау облысының батысы мен орталығында оңтүстік-шығыстан 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал. Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі. Маңғыстау облысының шығысында күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-18 м/с. Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар облысының батысында тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.