Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 2022 жылғы 1 наурызда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді» деп жазылған хабарламада.