• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Ақпан, 2022

Елордада жыл сайын 300-ден астам спорттық іс-шара өтеді

417 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайын 300-ден астам түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылық міндетін атқаратын Самат Жылқыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елордада спортты дамыту және насихаттау мақсатында апта сайын түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі. Жазда жүгіру бойынша үлкен марафон өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, қаза тапқан Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне халықаралық турнир өтеді. Жарысқа әлемнің 10-нан астам елінен жас спортшылар қатысады. Бұған дейін жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтетін. Өкінішке қарай, пандемияға байланысты кейінге қалдырылды», деді Самат Жылқыбаев елордада өткен Қысқы триатлон жарыс барысында.

Басқарма басшысының айтуынша, соңғы жылдары елордада бұқаралық спорт қарқынды дамып келеді.

«Жыл сайын қалада түрлі деңгейдегі 300-ден астам бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Жыл сайын астаналықтар арасында салауатты өмір салтын ұстанатындар саны артып келеді», деді ол.