• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2014

Көктем өрнегі

396 рет
көрсетілді

Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа тәрбиелеу кез келген мектептің күнделікті шаруасы болғанымен, наурыз мейрамы қарсаңында бұл игі істердің рөлі тіпті артады. Атадан балаға мұра етіп қалдырылған рухани құндылықтардың бірі әрі салт-дәстүріміздің ерекше жаңғыратын тұсы Наурыз мейрамы болса, оның өз деңгейінде тойлануына білім ордалары айрықша мән береді. Биыл Райымбек батыр атын­дағы №50 мектеп-лицейде «Нұр себелер, Ұлыстың ұлы күні» мерекелік кеші өткізілді. Қала көлемінде өткен мерекелік кешке Аста­на қаласы білім басқар­масы­нан, Тілдерді дамыту басқармасынан, «Зерде» инно­вациялық орталығынан, сон­дай-ақ, Қ.Қуанышбаев атын­дағы қазақ драма театрынан қо­на­қтар мен ата-аналар қауы­мы қатысты. Қазақ халқының салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан ха­бардар ететін бесікке салу, селт еткізер, ұйқы ашар, беташар, сырға салу, бата-тілек сынды түрлі игі шаралардан тәлімді көрсетілімдер көрермендерге насихатталды. Осы кеште оқушылардың бір бөлігі наурыз көженің құрамы мен өзіндік ерекшелігі туралы айтса, тағы бір топ оқушылар әсемдік үшін өсірілетін, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген, сирек кездесетін бағалы өсімдік «Наурыз шешек» өсімдігі жайлы әңгімелеп берді. Кештің бір ерекшелігі, оқу­шылар арасында «Наурыз-ЭКСПО-2017» ұлттық тағамдар байқа­уының өткізілуі еді. Байқаудың мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлт­тық тағамдарын көрсету, насихаттау әрі ЭКСПО-2017 іс-шарасына Қазақстан қандай ұлттық тағамдарын ұсына алады деген сауалға жауап табу болатын. Мұнда ұлттық тағамдардың үстелдерге қойылу мәнеріне де, оның да­йындалу технологиясына да ерекше көңіл бөлініп, әр тағамның пайдасы туралы ұлт­тық киім киген оқушылар түсініктеме берді. Келген қонақтарға тойбас­тар таратылып, наурыз көже ұсынылды. Ата-аналардың ұлт­тық киім киіп, өнер көрсетуі де оқушыларға ұлттық , патриоттық тәрбие беруде маңызы зор болды. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар