• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Ақпан, 2022

Жастарға деген сенім мол

221 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың Президенттік жастар кадр резерві өкілдерімен офлайн және онлайн форматтарда кездесуі өтті. Бұл кездесуге 2021 жылдың соңында конкурс қорытындысы бойынша резерв құрамына өткен жастар қатысты.

Министр резервшілерді ПЖКР-ға қабыл­дануымен құттықтап, олардың еліміздің дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді. А.Омаров өз сөзінде жас, талантты және пат­риот адамдарды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу, оны жаңарту процесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі саяси ба­ғы­тының басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Асқар Омаров биыл жастар және отбасы саясаты мәселелеріне жетекшілік ететін вице-ми­нистр болып АҚДМ-да ПЖКР мүшесі Алек­сандр Данилов тағайындалғанын атап өтті.

Кездесуде резервшілер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, министрліктің жұмысын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша резервшілерге олар­дың құзыреті мен қызмет саласына байланысты, министрліктің жұмысына тарту ұсынылды.