• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Ақпан, 2022

Киев делегациясы келіссөз өткізу үшін Беларусь шекарасына барды

269 рет
көрсетілді

Бүгін Киев делегациясы Ресеймен келіссөз өткізу мақсатында Беларусь шекарасына барды. Украина Президентінің кеңсесі атысты тоқтату және Украина аумағынан әскерлерді шығару кездесудің басты мақсаты екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Украиналық делегация Ресей Федерациясының өкілдерімен келіссөздерге қатысу үшін Украина-Беларусь шекарасына келіп жетті», делінген Президент кеңсесінің Telegram-каналында жарияланған хабарламада.

Келіссөздердің күн тәртібінде атысты дереу тоқтату және Украина аумағынан әскерлерді шығару мәселелсі талқыланатын болады.

Ресей Федерациясымен келіссөздерде Киев делегациясының құрамына Қорғаныс министрі Алексей Резников және Зеленский Кеңсесі Басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк бар.