Мәскеуде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бағдат Дүйсембиевке оқ атқан ресейлік фитнес-клубтың күзетшісі ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы 16 ақпан күні автотұрақ маңындағы жанжал кезінде атылған оқтан жараланған болатын. Ол жаттығу залына абономент алу мақсатымен келгенін айтқан еді. Жанжал барысында фитнес-клуб қызметкеріне спортшының көлікті рұқсат етілмеген жерге қойғаны ұнамай, бірнеше мәрте оқ атқан. Салдарынан отандасымыз бірнеше жерден жарақат алған.
48 сағатқа қамауға алынған күзетші Максим Пахомовқа қатысты қандай жаза қолданылатынын сот шешеді.