• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Наурыз, 2022

1 наурызға арналған ауа райы болжамы

348 рет
көрсетілді

1 наурызда Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазгидрометтің хабарлауынша, кей жерлерде жауын-шашын болып, республиканың солтүстігінде көбінесе қар түрінде, тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23, күндіз екпіні 29 м/с жетеді.

Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, Жарма ауданында жел 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.