ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін хабарланғандай онлайн форматта өтетін іс-шараға еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.
Айта кетейік, кеше партияның саяси кеңесінің отырысы өтіп, онда арнаулы қаулымен съезд күн тәртібі бекітілген еді. Күн тәртібіне сәйкес, партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және Nur Otan партиясын модернизациялау мәселелері қаралады.