Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жариялайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«16 наурызда мен саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынамын. Қазір партиялар арасындағы бәсекелестік күшейе түсуде. Осыған байланысты біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтап қалуға тиіспіз. Бұл өте маңызды міндет. Басқаша айтқанда, ұйым еліміздің мүддесін қорғайтын нағыз халықтық партия болып қала беруі тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.