• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 01 Наурыз, 2022

Паралимпиада: Қазақстан құрамасы Чжанцзякоудағы жаттығу жиынына кірісті

260 рет
көрсетілді

Қазақстандық паралимпиадашылар Чжанцзякоудағы жаттығу жиындарына кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында қазақстандықтар екі спорт түрінен сынға түседі. Олар пара шаңғы жарысы мен пара биатлонда бақ сынайды. Команда құрамына бес спортшы кірген. Олар – Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин мен Денис Петренко.

Айта кетелік, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 2022 жылдың 4 наурызында Нұр-Сұлтан уақытымен 22.00-де басталады.

Пара шаңғы жарысынан әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов Бейжің ойындарында Қазақстанның туын ұстап шығады.