Үкімет басшысы Әлихан Смайылов запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаулыға сәйкес офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2022 жылы екі жыл мерзімге шақырылады.
Қаулыға жалғанған қосымшада көрсетілгендей, әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлер саны: Қарулы Күштерге - 150, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне - 40. Қаулы 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 32-бабына сәйкес қабылданған.
Алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.