• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 01 Наурыз, 2022

Бұрынғы әлем чемпионы Махачевпен кездесуге келісті

606 рет
көрсетілді

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі UFC-дің бұрынғы чемпионы, бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Рафаэль дос Аньос ресейлік Ислам Махачевпен октагонда кездесуге келісім берді, деп хабарлайды Egemen.kz сhampionat.com-ға сілтеме жасап.

Ілгеріде ресейлік спортшы Рафаэль дос Аньосты әлеуметтік желілер арқылы шайқасқа шақырған болатын. Ислам Махачевтің сөзіне жауап берген бразилиялық кездесуден қашпайтынын айтып, өз ұстанымын да алға тартты.

«165 фунт, яғни, 74,8 килограмм салмақ дәрежесінде төбелесуге дайын болсаң, мен ойын алаңынан қашпаймын», деп жазды Рафаэль.

Оның бұл мәлімдемесіне көңілі толмайтынын байқатқан Ислам Махачев: «Сен қайтадан шайқастан қашудың жолын қарастырып жатырсың ба?» деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Ислам Махачев бұған дейін Рафаэль дос Аньосқа жартылай орта салмақ дәрежесінде кездесу өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын. Ал бразилиялық болса октагонға аралық салмақта шыққысы келеді.