Атырау облысындағы Теңіз кен орнында мердігер мекеменің цехы өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Теңізшевпройл» ЖШС-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрт Теңіз кен орнының өндірістік аймағынан тыс жерде тұтанған. Мердігер мекеме – «Nasar Solution» компаниясының өндірістік цехы өртенді. ТШО-ның өрт сөндіру және апаттық қызметі оқиға орнына жедел жетті. Мердігер компанияның 15 қызметкері қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.