• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Пікір 02 Наурыз, 2022

Партияның негізгі күші – халық

289 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтті. Партия бұдан былай «Аманат» деп аталатын болды. Сондай-ақ съезде басқа да өзгерістер таныстырылды.

Саяси алаңның бүгінгі күнгі ең басты критерийі бұл – заман талабына сай қоғам талаптарын ескеру. Әрбір саяси институт, әсіресе халық мүддесін негізге алатын саяси партия­лар өзгерістерге бейім болуы керек.

Саяси партия теориясына сәйкес партияның сыртқы және ішкі қызметтері бар. Ішкі қызметтері партияның құры­лымы мен қаржыландырылуына қа­тысты. Ал сыртқы қызметі халықпен қарым-қатынас орнатып, ол мүдделерді негізге ала отырып, билікке ұмтылуға бағытталған. Сондықтан кез келген саяси партияның басты күші – халық. Партияның бар болуы да халыққа байланысты. Халықтың мұң-мұқтажын жеткізу – партияның басты мақсаты.

Партия ұсынған модернизация жоспарына сай, халық үнін естуге және оны билік институттарына жеткізу қызметін бірінші кезекке қойып отыр. Атап айтар болсақ, кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру, шет аймақтарға партиялық қабылдау алаңдарының шығуы, қоғамдағы ахуалды бағалау үшін құрылған «Әлеумет» жобасы, азаматтардың ұсыныстарының онлайн форматта бақылай алуын енгізу қол­ға алынбақ.

Партияның аудиториясы кең, мү­ше­лері көп, электораты бар. Партия осы ауди­торияның ой-пікірін жинап, мәселе­лерді саралап, өкілетті каналдары ар­қылы шешуге бағытталған жұмыс­ты тұрақты негізге қоятын болса, қоғам­дағы «ыстық нүктелерді» азайта алады.

 

Индира РЫСТИНА,

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері