Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында композитор Шәміл Әбілтаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ш.Әбілтаев өзінің қызметі туралы айта келіп, шығармашылық жоспарлары жөнінде ой бөлісті.
Кездесу барысында композитор Мемлекет басшысы 1973 жылы Теміртауда жұмыс істеп жүрген кезінде сөзін жазған «Шұбарат» әнін орындады. Ш.Әбілтаев өзі шығарған «Қазақстан – Нұрсұлтан» күй-портретті де орындап берді.
-----------------------------------------
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.