ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен облыстар мен қалалар арасында шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Квоталар:
шетелдік және маусымдық қызметкерлердің санаттары бойынша - барлығы 28 352 адамға; еңбек иммигранттарын тартуға - барлығы 220 000 адамға бөлінді.Мәселен, Алматыда жұмысқа 2659 шетелдікті, 25 мың еңбек иммигрантын, Нұр-Сұлтанда – 1660 шетелдікті, 20 мың еңбек иммигрантын, Шымкентте – 501 шетелдікті және 20 мың еңбек иммигрантын тартуға болады.
Толық тізімді мына сілтеме арқылы көруге болады.