Синоптиктер 3-5 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көктем келгенімен, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары оны әлі сезіне алған жоқ, суық антициклон бұл өңірлерде жауын-шашынсыз аязды ауа райын ұстап тұрды.
«4 наурызда циклон Жерорта теңізінен ел аумағына ауыса бастайды, онымен бірге ылғал мен жылудың үлкен қорын алып, жауын-шашын әкеледі, негізінен жаңбыр түрінде және ауа температурасының көптен күткен жоғарылауы болжанады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Солтүстік аймақтардағы термометр бағандары күндізгі уақытта 0-5 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақтарда тіпті 15-20 градусқа дейін көтеріледі.