• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 02 Наурыз, 2022

Күндізгі саудада доллар бағамы 2 теңгеге арзандады

392 рет
көрсетілді

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы 2 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының KASE мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 490,43 теңге. Таңғы саудада доллар бағамы 492,21 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің белгілеуі бойынша 2 наурыздағы доллардың ресми бағамы 487,75 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 492,45 теңге, сату - 496,02 теңге.

Елордадағы ақша айырбастау орындарында АҚШ валютасы орта есеппен 492,81 теңгеден сатып алынып, 494,78 теңгеден сатылып жатыр.