• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Наурыз, 2022

Харьков қаласында бір тәулікте 21 бейбіт тұрғын қаза тапты

147 рет
көрсетілді

Өткен тәулікте Украинаның Харьков қаласында Ресей қарулы күштерінің атқылауынан 21 бейбіт тұрғын қаза тауып, 112 адам жарақат алды. Бұл туралы Telegram-арнасында Харьков мэрі Олег Синегубов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, соңғы тәулікте қаланы артиллериялық атқылау қарқынды жүргізілген.

Наурыздың 2-сі күні таңертең Ресей әскері Харьков қаласындағы полиция бөлімі мен университет ғимараттарына әуеден шабуыл жасады.

РФ Қарулы Күштерінің механикаландырылған бөлімшелері бұзып өтуге тырысқан солтүстік-шығыс және солтүстік кварталдарға соққы берілді. Барлық шабуылдарға тойтарыс беріліп, 40-тан астам әскери техника қолға түсті.

Олег Синегубов ресейлік Су-25 ұшақтарының Харьков облысының Чугуевск ауданындағы аэродромға да шабуыл жасағанын айтты. Сондай-ақ Украина әскері Ресей Аэроғарыш күштерінің бір ұшағын атып түсірген.