• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 02 Наурыз, 2022

Ертең Президент Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізеді

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ертең, 3 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді.

Жиын барысында геосаяси ахуалдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдатылуы жағдайында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі қарастырылмақ», деп жазды Берік Уәли.

Кеңес отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасайды.

Соңғы жаңалықтар