• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Наурыз, 2022

AMANAT партиясы қайта тіркеуден өтті

319 рет
көрсетілді

Еліміздің басқарушы партиясының атауын өзгерту мақсатында мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz AMANAT партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайта тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізілді.

AMANAT партиясында атап өткендей, қазіргі уақытта тиісті брендбук әзірленуде, сондай-ақ партияның ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды визуалды түрде жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетсек, партияның съезі барысында Nur Otan партиясын AMANAT деп қайта атау туралы шешім қабылданды. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдады.