• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Пікір 03 Наурыз, 2022

Озық елдің өнегесі

178 рет
көрсетілді

Негізінде Amanat партиясы кез келген басқа басқарушы орган секіл­ді экономиканы реттеуге араласпауы, экономика­­­ның қалыпты және тұрақ­­ты жұмыс ат­қаруын қамта­масыз­ етуі керек. Осы бағытта қандай да бір қадам­­дарға барып, рефор­ма жүр­гізіп, түрлі тәуе­кел­дер­ді дер уақы­тын­да аңға­рып, қажетті шешім­дерді қа­­был­дағаны жөн.

Егер партия экономикалық тәуекелдерді жоя алса немесе оның қатерін төмендете алса, сонда ғана қоғам және экономика үшін пайдалы болмақ. Басқарушы партия экономиканың даму стратегиясын анықтайды. Партия «бізде қандай экономика жұмыс іс­тейді», «қалай қарай қозғалып бара жатыр», «ол қалай дамиды», «жалпы қалай дамуы керек» де­ген сұ­рақтарға жауап береді. Со­дан келіп неше түрлі жоспар, бағ­дар­лама, жобалар жазыла бастай­ды.

Әлемде көбіне қос партиялы жүйе жақсы жолға қойылған. Мә­селен, Ұлыбританияда лейборис­тер мен консерваторлар үнемі бә­се­кенің көрігін қыздырып жатады. Екеуінің бағдарламасы, таң­даған даму стратегиялары екі түрлі. Біресе билікке лейборис­тер келеді, біресе консерваторлар үкіметті басқарады. АҚШ-та да сондай жүйе. Демократтар мен рес­публикашылдар ел болашағы мен мемлекеттің бет-бейнесін қа­лай көретінін өздерінше дәлел­деп, қызу талас жүргізуден шаршамайды. Демократтар бизнеске жағдай жасауға басымдық беріп, олар үшін салық ставкаларын төмен­дету, сауда және кеден кедер­гілерін жою, түрлі пре­фе­­рен­циялар ұсыну бойынша жұ­­мыс жүргізеді. Ал респуб­ли­кашыл­­дар негізінен әлеуметтік бағыт­­ты жоғары қояды. Кедей­лер­ге көмек көрсетейік, жәр­дем­ақы­ны арттырайық, қоғамдағы тең­­сіз­­дікті жоюымыз керек деген ұста­­ным­­дарын жиі көтереді. Осы тұрғы­да олардан үлгі алған артық болмас еді.

Жыл басталғалы Прези­дент­тің бір­қатар реформаға («Самұрық-Қазына», Қазақстан Даму банкі, олигархияға қарсы күрес, т.б. – ред) кірісті. Оның көбі – эко­но­микалық тұрғыдан гөрі саяси сал­мағы басым пробле­ма­лар. Де­се де ол мәселелер оңы­­нан шешіл­се, сөз жоқ эко­но­­ми­­каға жағым­ды әсер бере­ді. Пре­­зидент пен пар­тия жекеле­ген топтардың мүддесі­нен ел мүд­десін қаншалықты жоғары қойып, қаншалықты батыл қа­дам­дарға бара алады деген мәсе­ле – қазір уақыт еншісінде.

 

Арман БЕЙСЕМБАЕВ,

TICKMILL халықаралық брокерлік тобының сарапшысы