• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Пікір 03 Наурыз, 2022

Әділ қоғам құруға бет алдық

607 рет
көрсетілді

Партияның атауы ғана өзгерген жоқ, ең бастысы оның мәні мен жұмысының мазмұны да өзгермек. Әйтпесе, басқаша болмайды! Біз елімізде жүйелік саяси трансформация жүріп жатқанын, олигархтардың экономикасы құлдырап жатқанын түсінуіміз қажет, ең бастысы біз нақ халықтың өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзіне айналатын әділ демократиялық қоғамды құруға бет аламыз.

Бұл жағдайда билік­тегі партия қалайша өзгеріс­сіз қалмақ?! Amanat деген атау­дың өзі – ата-баба мұ­расын сақтап, оның құнды­лықтарын орындау дегенді ғана білдір­мейді, халықтың үмітін ақтап, мүддесін қызғыштай қорғайды. Сондықтан ең алдымен, бұл жаңарған партия халықтың сенімін қайтара алуы тиіс.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айт­қандай: «Партияның реб­рен­дин­гі – бұл оның атауын өзгер­тіп, маңдайшасын ауыс­тыру ға­­на емес. Бірінші кезекте – бар­­лық партия ісін қайта құ­ру».

 

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

Сенат депутаты