• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Наурыз, 2022

Ертең найзағай ойнап, жаңбыр жауады

772 рет
көрсетілді

Синоптиктер 4 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстігінде, орталығында, шығысында – жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, солтүстік – батысында, батысында жел көтеріледі.

Атырау, Маңғыстау облыстарында да жел күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, облыстың батысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады.

Ақмола облысының басым бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі, облыстың батысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында - тұман, күндіз облыс орталығында 15-20 м/с дейін жел соғады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с соғады.